Google: Мәтіндік пароль ескірді

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Google компаниясы сарапшыларының пікірінше, қарапайым мәтіндік пароль қазіргі заманда мәліметтерді сақтаудың ең қауіпсіз түрі болудан қалды, деп хабарлайды Утро.ру.

Оның орнына жақын радиусты чип орнатылған смартфон немесе смарт-картасы бар сақинаны пайдаланған жөн, дейді Google сарапшылары. Алайда оларды жоғалтып алса, қалай боларына мамандарда жауап жоқ.

Осы саладағы тағы бір құрал - Yubikeys «USB-кілттері». Компания бұл бағытта белсенді тәжірибелерге кірісіп кетті. Егер мұндай карточканы компьютерге қосса, ол логин мен пароль сұрамастан, бірден Google жүйесіне кіреді.