Сонымен қатар шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, екі компания өкілдерінің бірлескен мәлімдемесінде олардың патенттік жүйе реформасында бірлесіп жұмыс істеуге ниет танытып отырғандығы айтылған. Дегенмен қол жеткізілген уағдаластық олардың бір-бірінің технологияларын пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Айта кетейік, Apple мен Android операциялық жүйесі базасында телефондар шығаратын Google бүкіл әлем бойынша бір-бірінің патенттерін бұзды деген айыппен сотқа ондаған шағым берген болатын.
Ал осыдан 1 ай бұрын Калифорнияның алқа билер соты Samsung компаниясына Apple-дің смартфондар өндірісінде пайдаланатын технологияларына арналған 2 патентін бұзғаны үшін 119,6 млн. доллар өтеу туралы шешім шығарған еді.