Google, Microsoft және Facebook Интернет қауіпсіздігі үшін күш-жігерін біріктірмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІТ-жасаушылар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету және OpenSSL қорғау хаттамасындағы әлжуаздық тарихының қайталануын болдырмау үшін The Core Infrastructure Initiative арнайы қорын құрды, деп хабарлады Росбалт.

Google, Microsoft және Facebook, сондай-ақ Intel, Amazon, Cisco сияқты және басқа 6 корпорация кибер-проблемаларды шешуге бағытталған қорға қаражат салуға міндеттенді. Қорда 3,6 млн. долларға жуық қаражат болмақ. Алынған қаражаттар пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әртүрлі әлжуаздықты жоюмен жұмыс жасайтын бағдарламашыларға ақы төлеуге жұмсалады.

Еске сала кетейік, OpenSSL әлжуаздығы Интернеттің бүкіл тарихындағы ең үлкен қауіп деп танылған болатын.