Google миллиондаған пайдаланушының іздеу деректерін жоюға келісті

АСТАНА. KAZINFORM – Google Chrome 136 миллионнан астам АҚШ тұрғындарының іздеу деректері бар мәлімет жинағын жоюға келісті. Бұл туралы Associated Press хабарлады. 

Фото: pixabay

Өйткені, 2020 жылдың маусымында Google-ға қарсы іс қозғалған. 2023 жылдың желтоқсан айының соңында корпорация мен адвокаттар сот ісін шешуге көмектесетін бір бітімге келгендерін жариялаған.

Талапкерлер Google-ды пайдаланушылардың интернеттегі белсенділігін олар инкогнито режимінде болған кезде де бақылауды жалғастырды деп айыптады.

Google деректер орталықтарынан миллиардтаған іздеу деректерін жоюмен қатар, инкогнито режимін пайдаланған кезде пайдаланушыларға қолжетімді құпиялылық деңгейін де нақты хабарлауы керек.

Келісім, сонымен қатар, компанияның жеке деректерді жинауын шектеуге арналған басқа да бақылауларды қамтиды. Бұл жағдайда қолданушылардан ешқандай қосымша төлем алынбайды.