Google планшетінің жай-жапсарын бәсекелестер үрейлене күтуде

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Google-нің фирмалық 7-дюймді планшеті туралы жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлады РБК.

Дереккөздің айтуынша, қондырғы өндірісінің сәуірде басталуы жоспарланып отыр, оның алғашқы партиясы 1,5-2 млн. дана болмақ.  Android-те планшет өндірушілер бәсекелестің пайда болуын абыржып күтуде.

2012 жылы Google  өз брендімен алғашқы планшетін шығармақ. Ол 7-дюймді дисплей болмақ, деп хабарлады  Cnet DisplaySearch талдамашысы Ричард Шимге сілтеме жасап.

Google фирмалық планшетін шығарады екен деген ақпарат нарықта біраздан бері әңгіме болып жүр. DigiTimes басылымы индустриядағы дереккөзге сілтеме жасап, Acer, Asustek, Lenovo және басқа да өндірушілер Google-дің фирмалық планшеті өздерінің планшеттік қондырғыларын сатуға кесірін тигізуі мүмкін деп алаңдаулы екенін хабарлады.