АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - "Google" компаниясы мұсылмандардың ұлық айы үшін арнайы қызмет түрін ұсынады. Нақтырақ айтқанда, Рамазан айы туралы ақпараттарды қамтитын ғаламтор парақшасын ашты.
Muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш парақшада Меккедегі әл-Харам мешітінен онлайн режимінде тікелей хабар жүргізіледі. Бұл жоба қасиетті айдың аяғына дейін жұмыс істейтін болады.
Қазіргі уақытта аталмыш қызмет түрін бірнеше миллион адам пайдалануда. Олардың арасында мұсылмандармен қатар ислам жайлы толығырақ білгісі келетін наным-сенімі өзге адамдар да бар.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.