АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Google Translate жүйесіндегі ауызша аудармалар (Voice-to-Text технологиясы) қызметіне қазақ тілін қосу жобасының таныстырылуы өтті.
Бұл туралы аталған қоғамдық қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламадағы мәліметке сүйенсек, баспасөз конференциясына "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мен Beeline KZ Қазақстан компаниясының Корпоративтік коммуникация директоры Алексей Бендзь қатысты. Рауан Кенжеханұлы бұл технология қазақ тілінің цифрлық құрылғыларда кеңінен қолдануына жол ашатындығына және Google Translate жүйесіндегі аударма сапасын жаңа деңгейге көтеретіндігін атап өтті.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.