«Google» ұялы байланыс операторы болуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Google» корпорациясы бизнестің жаңа бағытын игеруге ниетті. Бұл туралы осы мәселенің мән-жайымен таныс адамдарға сілтеме жасап «The Information» хабарлады.

Атап айтқанда, интернет-компания АҚШ аумағында ұялы байланыс қызметін жүзеге асыруға бел буып отыр.

Басылымның жазуынша, «Google» корпорациясы AT&T және Verizon секілді америкалық ірі провайдерлердің желілік сыйымдылығын жалға ала отырып, виртуалдық оператор моделін пайдаланбақ.

Қазіргі кезде «Google» өзінің ұялы байланыс қызметі үшін тұтынушыларға қандай тарифті бекітетіндігі жайында нақты ақпарат жоқ.