Google журналистерге €27 млн бөледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Google» компаниясы Еуропадағы 128 жаңалықтар қызметіне «Digital News Initiative» бағдарламасы аясында 27 млн еуро бөледі, деп хабарлады «РИА Новости».

Бұл туралы компанияның атқарушы директоры Сундар Пичай мәлім етті. Оның айтуынша, ұйымдарды қаржыландырудың мақсаты - сандық журналистика саласындағы инновацияларға серпін беру.
Фото: © Flickr/ Robert Scoble