Горбачев 85 жылдығын отбасы мен достарының ортасында атап өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - КСРО-ның тұңғыш президенті Михаил Горбачев 85 жасқа толады. Ол өз мерейтойын достары мен отбасы мүшелерінің ортасында атап өтпекші.

Оған саясаткерлер, сыныптастары, қайта құру кезеңіндегі жақтастары, жалпы алғанда 150-ге жуық адам қатысады, деп хабарлады РИА Новости.

Бұдан бұрын «Горбачев-қорының» баспасөзбен байланыс бөлімінің басшысы Павел Палажченко мәлімдегендей, мерейтойын саясаткер достарының ортасында атап өтеді.

«Шамамен 140-150 адам шақырылған. Бұл шара «Горбачев-қорда» емес, басқа ыңғайлы орында өтеді. Оған саясаткерлер, сыныптастары, журналистер, қор қызметкерлері, қайта құру жылдарындағы жақтастары қатысады», - деді Палажченко. Ол қонаққа аралас-құралас, ет жақын адамдарды шақырғандығын атап өтті.

Горбачев КСРО-ның тұңғыш және соңғы президенті. Оның басшылық кезеңі геосаяси мағынада маңызды оқиғалар: «суық соғыстың» аяқталуымен, Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығарумен, Кеңес одағының ыдырауымен есте қалды.

1990 жылы Горбачев Нобель сыйлығының лауреаты атанды.