Гордон Браунның кеңесшісі «доңыз тұмауын» жұқтырып алды
14:34, 13 Шілде 2009
ЛОНДОН. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - «Доңыз тұмауы» вирусы Ұлыбритания үкіметіне де жетіп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет басшысы Гордон Браунның экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі Майкл Джейкобс Мексикаға дипломатиялық сапары кезінде «доңыз тұмауы» вирусын жұқтырып алыпты. Британ премьері қазір өз көмекшісімен кездеспеуге барынша тырысып жүр. Тұмаудың айқын белгілерінің байқалғанына екі аптаның жүзі болған. Ауруды әлем мемлекеттері басшыларының арасында таратып алмау үшін, британдық кеңесші Аквилде өткен «үлкен сегіздік» саммитіне де бармаған көрінеді.