Қазақстандағы Өзбекстан жылын өткізу туралы екі ел басшыларының шешімін жүзеге асыру аясында экономика, туризм, мәдени-гуманитарлық салаларда 200-ге тарта іс-шара жоспарланды. Бұл шаралардың ауқымына қарай олардың біразы 2019 жылы да жалғасын табады.
14-15 сәуірде Қазақстан Президентінің Өзбекстан Республикасына алғашқы ресми сапары өтеді. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавхат Мирзиёев Қазақстанның Өзбекстандағы жылының ашылу салтанатына қатысады.
«ҚазАқпарат» ХАА мен «УзА» ҰАА Қазақстанның Өзбекстандағы жылының қорытындысына арналған арнайы жобаны ұсынады.