«Grand Prix – 2024»: парадзюдошы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Анталья қаласында өткен пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында елордалық спортшы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды. 

Фото: Қазақстан пара дзюдо федерациясы

Қазақстан пара дзюдо федерациясының мәліметінше, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке іліккен. Ол – халықаралық турнирде ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі.

Айта кетсек, аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты. 

Еске салсақ, бұған дейін Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз.