Grand Prix of Germany: Кебіспаев пен Ділмұхамедов жүлделі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшелері Дортмундта өткен Grand Prix of Germany халықаралық турнирінен екі медаль еншіледі, деп жазады Olympic.kz.

63 келідекүрескен Алмат Кебіспаев күміс жүлдегер атанса, 77 келіде сынға түскен АсхатДілмұхамедов қолаға қол жеткізді.

Айта кетелік,грек-рим күресінен Қазақстан командасы үшін аталған жарыс әлем чемпионатықарсаңындағы маңызды дайындық кезеңдерінің бірі саналады.