АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның ең атақты дзюдошысы Елдос Сметов «Үлкен дулыға» турниріндегі екінші белдесуінде сәтсіздікке ұшырады.
Сметов әлемдік рейтингіде төртінші орында тұрған дзюдошы, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері оңтүстіккореялық Ли Харимнен жеңіліп қалды.
Бұл белдесу екі спортшы үшін де оңай болған жоқ. Отандасымыз қарсыласын қарымта шабуыл арқылы жеңуге тырысты. Бірақ бөзкілемде Лидің мерейі үстем болды.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.