«GRAND SLAM» сайысына қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18-19 шілде аралығында Ресейдің Түмен қаласында өтетін «GRAND SLAM» халықаралық жарысына баратын спортшыларымыз белгілі болды. Оған еліміздің ерлер ұлттық құрамасынан 10 палуан қатысады, деп хабарланған ҚР дзюдо федерациясының сайтында.

Сонымен, бұл дүбірлі додада 60 келі салмақта Айбек Имашев пен Асхат Тельманов өнер көрсетеді.

Ал 66 келіде Ғабит Есімбетов пен Мейіржан Қалтаев бақ сынайды. Сондай-ақ Қайрат Ағыбаев (73 келі), Арман Махамбетов (81 келі), Елдар Зәріпханов (81 келі), Мақсат Исағабылов (90 келі) сынға түседі.

100 келі салмақ дәрежесінде Виктор Демьяненко мен Айбек Серікбаев ел намысын қорғайды. Айта кетейік, «GRAND SLAM» жарысында әлемнің үздік спортшылары бақ сынасады.