АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық дзюдошы Дәурен Сүюкенов Әбу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды.
Дәурен 60 келіге дейінгі салмақта отандасы Мағжан Шамшадинмен үздік үштікке ілігу үшін күресті.
Жарысты сәтті бастаған М.Шамшадин жартылай финалда франциялық Седрик Риволге есе жіберсе, Д.Сүюкенов жұбаныш белдесуінде өзбекстандық Камолиддин Бахтиеровті жолдан тайдырған еді.
Қола жүлде үшін бәсекеде М.Шамшадинге үш ескерту беріліп, Дәурен жеңіске жетті.
Осылайша, Grand Slam додасының алғашқы күні Қазақстан қоржынына қос қола медаль түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әбиба Әбужақынованың Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).