Grand Slam турнирі: Қазақстандық балуандардың қарсыласы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі басталып, жеребе бойынша қазақстандық татами шеберлерінің қарсыластары анықталды. 

Фото: Дзюдо федерациясы

18 ақпанға дейін жалғасатын бәсекеде әлемнің 64 елінен 413 спортшы өзара мықтыны анықтамақ.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 154 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары:
Ерлер

60 келі.
Дәурен Сүйеукенов - Симоне Аверса (Италия)
Бауыржан Нарбаев - Мұхаммедсалех Кубатов (Тәжікстан)

66 келі
Сұңғат Жұбатқан - Шуген Накано (Филиппин)
Алмас Ғалымов - Адриан Нето Чинарро (Испания)

73 келі
Жансай Смағұлов - Киприанс Андреу (Кипр)
Бақытжан Әбдірахманов - Испания/Әзірбайжан жұбының жеңімпазы

81 келі
Айбол Нысаналы - Мұса Шимшек (Түркия)
Аңсарбек Ғайнуллин - Адриан Гандия (Пуэрто-Рико)

90 келі
Ермахан Әнуарбеков - Хасан Халмурзаев (Ресей)
Мұхамедәлі Мавлидов - Аксель Клергет (Франция)

100 келі
Ислам Бозбаев - Георгис Крусаниотакис (Кипр)
Әділет Сапарғалиев - Михаэль Коррел (Нидерланд)

100 келі
Еламан Ерғалиев - Сауд Мане (Сауд Арабиясы)
Әділ Оразбаев - Йоханнес Фрей (Германия).