Grand Slam турнирі: Қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Тәжікстанның Душанбе қаласында дзюдодан өтетін кезекті Grand Slam турниріндегі қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
ҚР Дзюдо федерациясы мәлім еткендей, аталған турнирге Қазақстан құрамасынан Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин, Алмас Ғалымов, Еламан Сұлтанбай, Дархан Қойбағар, Дастан Шаяхметов, Абылайхан Жұбаназар, Аян Байғазы, Дидар Хамза, Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев және Еламан Ерғалиев ел намысын қорғайды.
Отандастарымыздың қарсыластары:
60 келі
Нұрқанат Серікбаев - Жапония/Кирибати балуандарының жеңімпазы
Мағжан Шамшадин - Вьетнам/Тәжікстан балуандарының жеңімпазы
66 келі
Алмас Ғалымов - Шуген Накано (Филиппин)
Еламан Сұлтанбай - Бабур Ваджиев (Өзбекстан)
73 келі
Дархан Қойбағар - Қожаақпар Тошев (Өзбекстан)
Дастан Шаяхметов + Білал Чилоглу (Түркия)
81 келі
Абылайхан Жұбаназар - Санатолло Мұсаев (Тәжікстан)
90 келі
Аян Байғазы - Давид Кламмерт (Чехия)
Дидар Хамза - Лукас Хуллиет (Франция)
100 келі
Нұрлыхан Шархан - С.Ким (Оңтүстік Корея)
Ислам Бозбаев - Петр Кучера (Польша)
+100 келі
Ерасыл Қажыбаев - Ибрахим Татароглу (Түркия)
Еламан Ерғалиев - Денис Батчаев (Ресей)