Осыған орай еліміздің Дзюдо федерациясы Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушылары бекіткен аталған турнирде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін жариялады.
Сонымен 60 келіде жастар арасындағы əлем чемпионы Мағжан Шамшадин белдеседі. Ал 66 келіде Қазақстанның спорт шебері, «Үлкен дулыға» халықаралық турнирінің күміс, Әлем кубогының қола жүлдегері Асхат Телманов жарыс жолына шығады. Дәл осы салмақта 2013 жылдың ең үздік дзюдошысы атанған Азамат Мұқанов та татамиде бақ сынайтын болады.
81 келі салмақ санатында да жарыс жолына шығатын екі дзюдошымыз бар. Оның бірі - Дидар Хамза. Ол ересектер арасында Еуропа кубогының жеңімпазы. Ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Биыл Рио төрінде өткен Олимпиада ойындарына қатысқанымен жолы болмаған еді.
81 келіде Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, спорт шебері Әділет Миссин бақ сынайды.
Ал 100 келіге дейінгі салмақ санатында қазақ күресінен талай жүлделі орындарды иеленген Айбек Серікбаев белдеседі.
Қыздар арасында ел намысын жалғыз спортшы қорғайды. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдегері - Отгонцэцэг Галбадрах.