Тексеру барысында күдікті 31 жастағы Алматы облысының тумасы екені белгілі болды. Ол 2022 жылдың мамыры мен 2023 жылдың қаңтары аралығында өзіне сеніп қалған адамдардың 30 млн теңгесін иемденген. Айыпталушының бұрын да дәл осындай алаяқтық қылмысын жасап, сотты болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.