Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыты ретінде «Педагогикалық ғылымдар» қалып отыр, оған 8 мыңға жуық оқуға түсуші құжат тапсырған.
Екінші орында орналасқан «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына» 6 мыңнан астам өтініш қабылданды. Қызықты топ-3 бағытқа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты кірді. 5 мыңға жуық адам IT саласына түсуді жоспарлап отыр.
«Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады»,- делінген министрлік мәліметінде.
Естеріңізге сала кетсек, 135 мың адам ҰБТ-да шекті балл жинаған, олар грант конкурсына қатыса алады.