Грантқа түсуге қанша балл жеткілікті - Әр пән бойынша ең жоғары және орташа ұпай белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық тестілеу орталығы әр пән комбинациясы бойынша жиналған ұпайдың статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2023 жылғы негізгі ҰБТ-да бейіндік пәндер комбинациясы аясында жиналған ең жоғары және орташа балл туралы ақпарат ұсынамыз.
Бұл мәлімет үміткерлердің грант конкурсына өтініш беретін кезінде дұрыс таңдау жасауына септігін тигізуі мүмкін.
Ең жоғары балл - 137, оны негізінен «Математика - География», «Биология - Химия», «Математика - Физика» пәнін таңдаған оқушылар ғана жинаған. Ал «Химия - Физика» пән комбинациясы бойынша түлектер 140 балдың ең көп дегенде 121-ін ғана еншілеген. Ең төменгі орташа балл «Дүниежүзі тарихы - Құқық негіздері» пәнінен тест тапсырғандар арасында тіркелді - 66. «Басқа да талдаулар жақын уақытта жарияланады» деп мәлімдеді орталықтан. Әр пән бойынша жоғары, орташа және төмен ұпайды мына сілтемеден бөлек-бөлек көре аласыздар.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.