Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews. агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кириакос Мицотакис үкіметінің енді бюджетті реттеу мен жаңа дағдарыстармен күрестегі мүмкіндіктері кеңейе түспек.
«Соңғы 3 жылда атқарылған іс 12 жыл бойы жалғасып келе жатқан сынаққа деген жауап болды. Бұл бізді осыған дейін бастан кешіріп келген қиындықтардан құтқарады. Осыған дейінгі қалыптасқан жағдай біздің сана-сезімімізді өзгертті. Енді ақиқат пен нақты шешімдерді серік етіп, тек қана алға жылжу керек. Жалған сөйлеу мен шындыққа қарсы тұру болмау керек. Бұл жолда қателіктер болған шығар, бұл шешім қате емес», -деді Грецияның Премьер-Министрі Кириакос Мицотакис.
Греция банкротқа ұшыраудан қауіптеніп, Еуропа Одағынан 2010 жылы көмек сұрады. Сол уақыттан бері Афины қаржылық қолдаудың үш пакетін пайдаланып, несие берушілердің талабы бойынша қатаң үнемдеуге көшкен. Грецияның дағдарыстан өткені туралы ресми түрде 2018 жылы жарияланды. Несиелер 2070 жылға дейін жабылуы керек.