Green Mart мұрнын сындырып алған астаналыққа өтемақы төлейді
13:16, 20 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны «Green Mart» сауда үйіне кіріп жатқанда «мұрын қалқасының жабық сынығы» жарақатын алды, деп хабарлады Астана қаласы сотының баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына жедел медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем жетті. Қалалық емхананың ЛОР бөлімшесінің анықтамасына сәйкес, науқасты шұғыл түрде емдеу керек болды.
Айыпталушы дауды реттеу үшін шағымданушыға сомасы 30 000 теңгені құрайтын азық-түлік ұсынды. Шағымданушы бұдан бас тартты.
Астана қ. Алматы аудандық соты шағымды ішінара қанағаттандырып, «Green Mart сауда желісі» ЖШС-дан материалдық шығын ретінде 5 000 теңге, моральдық залал үшін 150 000 теңге өндірді.
Шешім заңды күшіне енді.