Грек дипломаттары Әзербайжанның көмегімен Ираннан эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Шетел азаматтарын Әзербайжанның мемлекеттік шекарасындағы «Астара» бақылау-өткізу пункті арқылы эвакуациялау процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Кезекті топ құрамында Ирандағы Грекияның дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлері де эвакуацияланды.
АЗЕРТАДЖ аймақтық тілшісінің хабарлауынша, эвакуация толық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген жағдайда, алдын ала келісілген тәртіп пен рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылды. Грек дипломаттарын «Астара» бақылау-өткізу бекетінде әзербайжандық тарап жылы қабылдап, олардың құжаттарын тексеріп, алғашқы медициналық тексеруден өткізді. Бұдан кейін эвакуацияланғандар арнайы көлікпен Баку қаласына жеткізілді.
Айта кету керек, соңғы күндері Әзербайжан бірқатар елдердің азаматтары мен дипломаттарының Ираннан қауіпсіз эвакуациялануын қамтамасыз етті. Бұл Әзербайжанның халықаралық қауымдастықтың сеніміне қайта ие болғанын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл процесс Әзербайжанның гуманитарлық қағидаттарға берілгендігін және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесін айқын дәлелдейді.
Бұған дейін Әзербайжан шекарасы арқылы Ираннан 6 қазақстандық эвакуацияланғанын жазған едік.
20 маусымда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды.