Грек фермерлері жолды бөгеп, MERCOSUR келісімінен бас тартуды талап етті

АСТАНА. KAZINFORM — Грек фермерлері үкіметтен субсидия беруді және Еуропалық Одақтың MERCOSUR елдерімен еркін сауда келісімінен бас тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Report. 

Фото: Report

Олар автокөлік жолдарын жауып, көрші елдермен шекарадағы кеден бекеттерін қоршауды күшейтті. 

Фермерлер елде 6 қаңтарда өтетін шомылдыру рәсімінен кейін наразылық акциясын күшейту туралы шешім қабылдады.

Олардың айтуынша, 8-9 қаңтар күндері фермерлер Бралос бекетін трактор және көліктермен жабады. Осылайша олар Грекияны екіге бөлмек. Сонымен қатар Афина — Салоники ұлттық автожолын, Эгнатия, Иония, Сиатиста қаласының маңындағы тас жолдарда Батыс Македония және Пелопоннес түбегінде қиылыстарды жабуды жалғастырады. Сондай-ақ, Эвзони, Ники, Промахонас, Эксохи, Ормени және Кипи кеден бекеттерінде, сондай-ақ елдің біраз аудандарындағы кішігірім жолдарға блок қою жалғасады.

— Бейсенбі және жұма күндері біздің жалпы жұмылдыруымыз күшейеді. Сонда үкіметтің нақты диалог құруымыз үшін шешімдер ұсынуға мүмкіндігі болады. Егер олар қаласа, ертең-ақ бізді шынайы ұсыныстармен мағыналы диалогқа шақыра алады, осылайша біз үйге оралып, осы блок қоюды біржола тоқтата аламыз, — деді E65 автожолындағы бақылау-өткізу пунктінің өкілі Костас Целлас.

Былтыр қараша айында грекиялық теміржолшылар саладағы өзекті мәселелерді шешуді талап етіп, ел бойынша 24 сағаттық ереуілге шықты.