Грек-рим: Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің жартылай финалында белдеседі

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалында жеңіске жетті.

Отандасымыз 60 келі салмақтың 1/4 финалында Олимпиаданың қола жүлдегері Се Ун Риден (Солтүстік Корея) басым түсті. 

Енді Айдос жартылай финалда Амиран Чавадземен (Грузия) белдеседі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мерей Мәулетқанов грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған едік.