Грек-рим күресі: Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында бес алтын алды

Фото: Қазақстан күрес федерацияс

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанның Бішкек қаласында грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында қазақстандық балуандар тоғыз медаль жеңіп алды.

Отандастарымыз құрлықтық додада бес алтын, төрт күміс медаль еншіледі. Осы жетістіктің арқасында құрама құрлықтық біріншілікте жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Алтын

Пахитжан Нұрислам (38 кг)

Алмас Әли (41 кг)

Аманалі Диар (48 кг)

Ермек Самға (52 кг)

Төлеш Марлен (57 кг)

Күміс

Сәрсенбай Сұлтанбек (44 кг)

Мұратов Әділжан (68 кг)

Серік Темірлан (75 кг)

Мәлік Ислам (85 кг)

Еске салсақ, бұдан бұрын Вьетнамның Вунгтау қаласында күрестен 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 13 алтын медаль жеңіп алды.