Грек-рим күресі: Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада ойындарын аяқтады

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ширек финалда ұтылып қалған Нұрсұлтан Тұрсынов қола медальға таласу мүмкіндігінен айырылды.

Фото: Kazinform

Грек-рим күресінен 87 келі салмақта бақ сынаған қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалда Токио Олимпиадасының чемпионы украиналық Жан Беленюкпен белдесіп, 3:7 есебімен ұтылып қалған болатын.

Егер қарсыласы финалға шыққанда, Тұрсынов қола жүлде үшін күресер еді. Алайда Украина спортшысы жартылай финалда Иранның жас балуаны Алиреза Мохамедиден айласын асыра алмады. Осылайша отандасымыз Олимпиада ойындарын жүлдесіз аяқтады.

Осыған дейін оның жеке бапкері Қанат Нұртазин тәлімгерінің әлі де болса белдесуден үміті бар екенін айтқан еді.

Енді санаулы минуттардан кейін 77 келіде Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакамен алтын медальға таласады.

Ол Париж олимпиадасына жолдаманы биыл сәуірде Бішкекте өткен іріктеу жарысында иеленген еді.