Грек-рим күресі: Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиададағы қарсыласын ойсырата жеңді

Фото: Фото: Kazinform

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен 87 келі салмақта қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

Ол алғашқы белдесуінде мысырлық балуан Мохамед Мұстафа Метваллиді 10:1 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, отандасымыз Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты.

Мысырлық палуан – Африка ойындарының қола жүлдегері, Африка чемпионы, Токио Олимпиадасының қатысушысы.

Нұрсұлтан Тұрсынов – Азия чемпионы және 2 дүркін күміс жүлдегері. 

Айта кетейік, 77 келіде ел намысын қорғаған Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалында Әзербайжан өкілі Санан Сулеймановты айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды.