Ибрагим Магомадов (72 келі) ирандық Саяд Әли Именталабфоманимен шеберлік байқасты. Ол қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.
«Туған елімде чемпион атанғаныма қуаныштымын. Белдесу алдында қарсыласым жайында мәлімет жинадым. Мықты және әлсіз тұстарын зерттедім. Финалға дайын болып келдім. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Өз жеңісімді барлық қазақстандықтарға, жанкүйерлерге арнаймын. Өзіме қолдау білдірген отбасыма да ризашылығымыз шексіз. Енді алда әлем чемпионаты күтіп тұр. Соған дайындаламын», - деді Ибрагим Магомадов.
Ибрагим Магомадов 1991 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін 2020 жылы Азия чемпионатында қола алған еді.
Грек-рим күресінен әлем чемпионатында ел құрамасынан Диас Қален (82 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс жүлдегер болса, Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Мұхамедалі Мамырбек (63 келі), Алмат Кебіспаев (67 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде алды.