ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, 65 келі салмақта ел намысын қорғаған Абдиазим Карабаев финалда қырғызстандық Бақдәулет Егембердиевті жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ол іріктеу кезеңінде Қытай және Иран елдерінің балуандарынан басым түсті.
71 келі салмақта күрескен Вейсал Эюбов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Үшінші орын үшін болған белдесуде Эюбов Корея балуанын ұтты.
Командалық есепте грек-рим күресінің балуандары 138 ұпаймен екінші орынға ие болды. Иран 180 ұпаймен бірінші орын алса, Өзбекстан құрамасы 135 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады.
Қыздар арасындағы бәсекеде 40 келі салмақта күрескен Марал Тәңірбергенова Азия чемпионатын қола медальмен аяқтады. Марал үшінші айналымда моңғолиялық балуаннан ұтылғанымен қола медаль үшін болған белдесуде жапониялық бойжеткенді жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін отандастарымыз аталған додада 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.