НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Ернұр Фидахметов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол жұбаныш белдесуінде қазақстандық моңғолиялық Балжинням Цэвэнравданды тізе бүктірді.
Сондай-ақ, бүгін жұбаныш белдесуінде ел құрамасынан Санжар Серікхан жапониялық Такахиро Сурудамен шеберлік байқасады.
Ел құрамасынан Мейіржан Шермахамбет (67 келі), Абылайхан Әмзеев (72 келі) және Диас Қален (82 келі) бүгінде финалда белдеседі.
Еске салсақ, 19 сәуірде грек-рим күресінен қазақстандық балуандар бір алтын, үш күміс, бір қола алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.