АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында ел құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі күрес түрлерінен Қазақстан федерациясына сілтеме жасап.
Құрлықтық додаға барлығы 11 елден балуандар жиналды. Олардың арасынан қазақстандық балуандар 4 алтын, 5 күміс жүлде алды.
Ел құрамасынан Азамат Құрман (60 келі), Елдос Қамелов (72 келі), Сайлау Мақсат (87 келі) және Ислам Ұмаев (97 келі) жеңімпаз тұғырынан көрінді.
Ал Ербол Қамалиев (55 келі), Асаухат Мұхамадиев (63 келі), Сырым Сәрсен (67 келі), Ислам Евлоев (82 келі) және Джохар Узаров (130 келі) күміс жүлдегер атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.