Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының жаңа капитаны тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының жаңа капитаны болып Қорлан Жақанша тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорлан Жақанша грек-рим күресінен құрамамыздың жаңа капитаны болды. Ол әлем чемпионатының, Азия чемпионатының, сондай-ақ әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Ол біздің жігіттерді лайықты түрде жеңістерге жетелейді деп сенеміз!» - деп хабарлайды Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі Instagram желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі капитан Алмат Кебіспаев бапкерлік мансабын бастаған болатын.