Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының қорытындылары шығарылды

None
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Дәулет» спорт комбинатының залында (Ұлттық тенис орталығы) грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы аяқталды, деп хабарлады елоралық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Сайыстарда Ресей, Беларус, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және екі Қазақстан құрамасында 8 командада 72 қатысушы болды. Туринирдің құрметті қонақтары - үш мәрте Олипиада чемпионы. Ресей Батыры, Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Карелин, олимпиадалық чемпион Михаил Мамиашвили, ФИЛЕ бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов, ҚР Күрес федерациясының президенті Бекзат Сарманов. ҚР мен Украина еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР спорт құрметті қайраткері. ҚР Тұңғыш Президентінің алғашқы жаттықтырушысы Лев Рудольфович Ежевский, Беларус күрес фдерациясының президенті Юрий Чиж және басқа да құрметті спорт қайраткерлері.

Жарыстар кубок жүйесімен өтті. Бірінші турда А тобындпа Қазақстан 1 және Ресей құрамалары жеңіске жетті. Екінші турдағы нәтижелер де осындай болды. Үшінші турда ешқандай нәтиже бермеді.

Финалда Қазақстан-1 құрамасы мен беларус командасы сынға түсті. Алдымен кілемге 55 киләдағы палуандар шықты. Мәди Жарболов екі кезеңде де Иван Хусовқа жол берді. Алайда 2010 жылғы әлем қола жүлдегері 66 килә салмақтағы Нұрбақыт Теңізбаев қарсыласы Дмитрий Аленскийді басымдықпен жеңді. 60 киләда қазақстандық таңдаулы палуан, осы жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Айбек Еңсеханов беларустық Михаил Семеновтен үстем болды.

74 килә салмақта өткен жылғы Азия қола жүлдегері Роман Мелешин беларустық Александр Кикиневтен ұтылып қалды. Ал қазақстанның қазіргі чемпионы 84 килә салмақтағы Алхазур Оздиев Александр Храбикті басымдықпен ұтты. Ал биылғы Азия қола жүлдегері Марғұлан Әсембековтен Тимофей Дейниченко күштірек болып шықты.

Президент Кубогының тағдырын 120 килә ауыр салмақтағылар шешті. «Иван Поддубный» гран-принің қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев финалда Йоссиф Чигошвлилді 4:3 есебімен жеңіп, мерейі үстем болды.

Сөйтіп, қазақстандықтар бірінші орынға шықты. Екінші орында - беларустар, үшінші орында - ресейліктер. Ал екінші қазақстандық команда 5 орынды місе тұтты.