АСТАНА. KAZINFORM – Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 4 тамызда сайысқа түсетін қазақстандық спортшы Айдос Сұлтанғали мен Әлімжан Сыздықовтың қарсыластары белгілі болды.
Ел құрамасынан Айдос Сұлтанғали (60 келі) алғашқы белдесуінде Қырғызстан мықтысы Жоламан Шаршанбековпен күреседі. Қарсыласы – 2 дүркін әлем чемпионы.
Ал, Әлімжан Сыздықовтың (130 келі) алғашқы қарсыласы румыниялық – Алин Алексус-Циурариу. Румыниялық балуан әлем чемпионатының қола жүлдегер атанған, Еуропа чемпионы болған.
Грек-рим күресінен ел құрамасы сапында Айдос пен Әлімжаннан өзге Демеу Жадыраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) бар.
Ал, еркін күрестен команда құрамында Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмырзаев (125 келі) бар.
Күрес түрлерінен жарыстар 5-11 тамыз аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінен өте алмады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.