Грек-рим күресінің шебері Демеу Жадраев әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Демеу Жадраев 1/8 финалда жеңіске жетті.

Ширек финалға шығу үшін өткен белдесуде Жадраев сербиялық Алекса Иличпен кездесіп, 8:6 есебімен басым түсті.

Өкінішке қарай, Альмир Төлебаев (82 келіге дейін) пен Марлан Мұкашев (55 келіге дейін) 1/4 финалға шыға алған жоқ.

Төлебаев молдовалық Михаил Брадаға, ал Мұкашев Артем Делянуға есе жіберді.

Айта кетейік, 77 келі салмақ дәрежесінде Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадраев турнирді жеңіспен бастады. Алғашқы белдесуде ол фин спортшысы Йонни Саркиненнен 5:2 есебімен басым түсті.

Александр Шевченко Қытайдағы АТР 250 жарысын жеңіспен бастады.