Сарапшылардың айтуынша, экономикалық дағдарыс түзелмей, бұл олқылықтың орны жуық арада толмайды. Ал дертіне дауа іздеген тұрғындар Афинаға сабылып әлек.
Алайда ондайды көбісінің қалтасы көтермейді. Сондықтан оларға ерікті-дәрігерлерден құралған «Эгейлік топ» көмекке келеді. Олардың келгенін жергілікті тұрғын шіркеудегі қоңыраудың дыбысынан біледі.
Дәрігерлер науқастарды сондағы мектепте немесе үйде қабылдайды. Жергілікті билік ақхалаттыларды жұмысқа шақырып отыр. Алайда оған келісім берген ешкім жоқ.