Грекия елшісінің зайыбы күйеуін өлтіргені үшін 24,6 мың доллар бермек болған
Бұл туралы ақпаратты жұма күні баспасөз мәслихатында істі жүргізетін Рио-де-Жанейро полициясының тергеушісі Эваристо Понтес Магальяис мәлім етті.
Оның айтуынша, Эдуарду Морейре ди Меллудың көрсетуі негізінде осындай ұйғарым жасалып отыр. Ол дипломаттың әйелінің күдік келтірілген көңілдесі, Рио-де-Жанейро әскери полициясының қызметкері Сержиу Морейро Фильюдің жақын інілерінің бірі. Эдуардтың жауаптарына қарағанда, бәрі де алдын ала тиянақты түрде жоспарланған»,-деді тергеуші.
Франсуаза Амиридис болса, өзінің кінәсін мойындаған жоқ. Елші зайыбының айтуынша, күйеуінің өлімі жайлы тек келесі күні, онда да диванға жағылған қанды көргеннен соң ғана білген. Дегенмен әйел көңілдесін ұстап бермеген. Керісінше, өзін күйеуі бірнеше рет соққыға жыққанын мәлімдеген.
Рио-де-Жанейро соты тергеушілердің сұранысына орай іске қатысы бар үшеуін де тұтқындауға ордер берді. Олар тағы 30 күн қамауда болады. Әзірге елшінің өлімінің себебін анықтау қиынға түсіп отыр. Өйткені оның мәйіті түгелдей жанып кеткен.