Шенеуніктер референдум тақырыбын талқылауда деп 19 қыркүйекте гректердің Kathimerini газеті жазған болатын.
Толкастың айтуынша, үкімет саяси реформа туралы референдум өткізу мүмкіндіктерін көптен бері талқылап келеді. Алайда, валюта жөніндегі мәселе шенеуніктер арасында әзірге көтеріле қойған жоқ. Ал өз кезегінде Kathimerini газеті Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреуге көптен бері еуро бойынша референдум өткізуді сұрап, ұсыныстар түскен, дегенмен ол барлығында да одан бас тартқан, деп хабарлайды Лента.ру.