Туск «Твиттерге» Еуроодақтың 19 елі көшбасшыларының кездесуі жексенбіде өтетінін, ол «Грекия бойынша келіссөзді аяқтағанша» жалғасатынын жазған.
Бұған дейін Еуроодақ қаржы министрлері Грекияға қаржылық көмек бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беру немесе елдің еуроаймақтан шығуын санкциялау керек пе, осы мәселені шешуі тиіс.
Грекия парламенті сенбіге қараған түні премьер-министр Алексис Ципрас ұсынған экономикалық реформалар жоспарын бекітті.