АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Қытайда сапармен жүрген Грекияның Премьер-Министрі Антонис Самарас бейсенбі күні қытайлық әріптесі Ли Кэцянмен келіссөздер барысында қарыз дағдарысын басынан өткеріп отырған грекиялық экономикаға инвестиция тарту мәселесін талқылайды.
ҚХР Афинамен ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда, себебі, олар Грекияны еуропалық нарыққа шығудың бастау алаңы ретінде қарастыруда.
Сонымен қатар қытайлық кәсіпкерлерді Грекиядағы бірқатар әуежайлар мен теңіз порттарын сатып алу қызықтырған көрінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.