Бұл туралы журналистерге президентпен кездесуден кейін елдің Қаржы министрі Эвангелос Венизелос мәлімдеді, деп хабарлайды Утро.ру.
Қазіргі кезде Грекия Еуроодақтан қаржылық қолдау сұрап, оның орнына үнемдеу шараларын қолдану, сондай-ақ жекеменшік несиешілер қолындағы қарыз бөлігін шығынға жазу бойынша күрделі келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл екі бағдарламаны 20 наурызға дейін іске асыру қажет, өйткені Грекия алдында облигациялар бойынша 14,5 млрд. еуро төлеу міндеті тұр. Ол болмаған жағдайға елге дефолт қаупі төнеді.