Грекия спортшысы Еуропаның ең үздік жеңіл атлеті атанды
03:13, 15 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның сырықпен секірушісі Екатерина Стефаниди Еуропаның ең үздік жеңіл атлеті атанды. Дауыс беру Вильнюсте өтті, деп хабарлайды interfax.ru.
Марапатқа үміткерлер арасында Лондондағы әлем чемпионатында әлемдік біріншіліктегі өзінің екінші алтын медалін алған ресейлік биіктікке секіруші Мария Ласицкене де болған еді.
Екатерина Стефаниди - 2016 жылғы олимпиада чемпионы, 2017 жылғы әлем чемпионы, 2016 жылғы Еуропа чемпионы.