Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM — Грекия жағалауында мигранттар мінген қайықтың апатқа ұшырауы салдарынан адамдар қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа.
Грекияның Крит аралының оңтүстік жағалауында суға кеткен мигранттар мінген кеменің апатқа ұшырауы салдарынан кемінде 18 адам қаза тапты.
Қайғылы оқиға аралдың оңтүстігіндегі жағалауда орналасқан Иерапетра елді мекенінен шамамен 48 шақырым оңтүстікте болған.
Грекияның жағалау күзетінің мәліметінше, құтқару жұмыстары барысында әзірге судан 18 адамның мәйіті шығарылды. Сондай-ақ екі адам тірі табылған.
Қазір апат болған аумақта патрульдік кемелер іздеу жұмыстарын жалғастырып, теңізден мәйіттерді шығарып жатыр. Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ, Грекия жағалау күзеті тергеу жұмыстарын бастады.
Айта кетелік Трамп мигранттарға қатысты ережені күшейтті.