Оның ақпаратынша, оқиға Самос аралының жағалауында орын алған. Қаза тапқандардың арасында жеті бала болған. Мерт болғандардың денелері судан шығарылды, делінген хабарламада. 10 адамды құтқарып қалу мүмкін болды. Құтқару іс-қимылдарына Грекия жағалаудағы күзетіі және Frontex еуропалық шекара агенттігінің қызметкерлері қатысқан.
Өткен жұма, 22 қаңтар күні Грекия мен Түркия жағалауында мигранттар мінген үш кеме суға батқан, салдарынан 44 адам қаза тапты, олардың арасында 20-сы - балалар.
Халықаралық көші-қон ұйымның мәліметтерінше, жыл басынан бері Еуропаға Жерорта теңізі арқылы 704 мыңнан астам мигрант келген. Босқындардың ең көп санын Грекия қабылдаған - 560 мың адам, Италияға 139,5 мың адам келген. Бұл ретте жыл басынан бері 3,2 мыңнан астам адам Еуропаға барар жолда теңізде қаза тапқан.