Грекия жағалауында құны 11 млн. долларлық яхта суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның аумақтық суларында құны 11 млн. доллардан асатын яхта суға батып кетті. Онда болған төрт жолаушы құтқарылды.

Оқыс оқиға Миконос аралына жақын маңда орын алды. Құтқарушылардың алдын ала болжамына қарағанда, судноның бортындағы электр құрылғыларынан ақау шыққан болуы ықтимал. Яхта аз ғана уақыттың ішінде батып кеткен. Оның иесінің кім екендігі әзірге белгісіз. Ұзындығы 32 метрді құрайтын шағын кеменің құны 110 миллион доллардан астам.