Грекияда 11 сотталушы түрмеден қашты

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Грекияда қарулы адамдардың шабуылынан кейін кемінде 11 адам түрмеден қашты, екі күзетші жараланды, деп хабарлады ресейлік "Жаңалықтар" агенттігі Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Жабық машинаға және пикапқа мінген алты белгісіз адам түрмеге оқ жаудырып, ғимаратұа гранаталар лақтырды. Оны қоршау таңға жуық арнайы жасақтар келгеннен кейін аяқталды. Бұл оқиға елдің орталығындағы Трикала қаласы маңында болды.

Бұдан бұрын қауіпті қылмыскер - анархистік лаңкестік ұйымның мүшесі, кеме иесін ұрлағаны үшін сотталған Панайотис Властос тікұшақпан Трикаладағы түрмеден қашпақ болған еді.